Біздің серіктестеріміз
Сентрас Инвестициялық тобы 2004 жылы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамында Қазақстанда және ТМД елдерінде өз қызметін жүзеге асырып жатқан бірнеше компания бар. Атап айтқанда, «Сентрас Секьюритиз» АҚ (Қазақстан), «Центрас Капитал» ЖАҚ (Ресей) және т.б. компаниялар.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ
«Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның қызметі капитал нарығына, активтерді басқаруға, Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі жеке капиталын корпоративтік қаржыландыру мен инвестициялар бөлуге бағытталған.
Компанияның алға қойған стратегиялық мақсаттарының бірі жергілікті нарыққа халықаралық тәжірибені, стандарттар мен инновациялады ендіру процессін жеделдету. Компания инвестициялық банкинг саласында кең ауқымды қаржы қызметтерін көрсетеді. Оларға брокерлік қызметтер, сенімді басқару, компанияларды біріктіру мен қосу, жобаларды сараптамалық бағалау жөніндегі қызметтер, жергілікті және халықаралық деңгейде қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер жатады.
Атап айтқанда «Сентрас Секьюритиз» Қазақстанда алғаш ашық пай инвестициялық қорын тіркеген компания болып табылады, және бүгінгі таңда бизнестің осындай бағытын белсенді дамытып келеді. Компанияның Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі берген мынадай тиісті лицензиялары бар:
-
Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия № 0403200223, 22 қыркүйек 2004 жыл.
-
Номиналды ұстаушы ретінде тұтынушылардың шоттарын жүргізу құқығымен қоса бағалы қағаздар нарығында брокерлік және диллерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия №0401200886, 22 қыркүйек 2004 жыл.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ Қазақстанның қаржылық қызметтер нарығында жас компания болып табылады. Алайда, оның командасы халықаралық деңгейде келісімдер жүргізуде мол тәжірибе жинақтаған жоғары білікті мамандардан құралған. Қазақстанның ірі банктерінің, «Deloitte & Touche» компаниясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тәжірибесі мол, нарықтағы білімі зор, жетекші қаржы институттары мен халықаралық тәжірибе жүйесін жақсы меңгерген бұрынғы басқарушы қызметкерлері «Сентрас Секьюритиз» АҚ-ның негізін салушылар болып табылады.
http://centras.kz
«Cентрас Капитал» ЖАҚ
«Центрас Капитал» Инвестициялық компания 2004 жылы құрылды. Компания Мәскеу Банк аралық Валюта Биржасының (СБВБ) мүшесі әрі Ресей Сауда Жүйесінің (РСЖ) қатысушысы болып табылады. Қаржы нарығы жөніндегі Ресей федеральдық қызметі берген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының мынадай басты лицензияларын иеленген:
-
брокерлік (лицензия нөмірі 077-07821-100000);
-
дилерлік (лицензия нөмірі 077-07825-010000);
-
бағалы қағаздарды басқару (лицензия нөмірі 077-07828-001000);
-
депозиттік қызметті жүзеге асыру (лицензия нөмірі 077-08164-000100).
Компания қызметтеріне МБВБ мен РТС секілді Ресей биржа алаңдарында және «Санкт – Петербург» БҚ-нда брокерлік қызмет көрсету, депозитарлық қызмет көрсету, активтерді басқару жатады.
Компанияда Ресей, Қазақстан және халықаралық қаржы нарықтарында мол тәжірибе жинаған кәсіпқой мамандар тобы жұмыс істейді.
http://www.centras.ru
|