Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Корпоративтік іс-шаралар

clip

Компания басшылығы қызметкерлерінің психологиялық ахуалын жақсартуға және корпоративтік рухын көтеруге көп көңіл бөледі. Осындай мақсаттармен, Қызметкерледің бірігіп демалуы немесе командалық жарыстар өткізуге қатысулары үшін, оларды қызықтыратын әр түрлі көңіл көтерерлік іс-шаралар ұйымдастырады.

2010 жылғы 25 желтоқсанда «Сентрас Иншуранс» Компаниясының ұжымы  жаңа жылды қарсы алу мерексін атап өтті.

2009 жылғы 15 желтоқсанда кеңсені ең үздік жаңа жылдық безендіру байқауының нәтижесі анықталды. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясының қызметкерлері барынша ат салысып, өз жұмыс орындарын түрлі-түсті тізбектермен, жаңа жылдық ойыншықтарымен әсемдеп тастаған. Соған орай қазылар алқасы жеңімпазды айқындай алмады, бірақ барлық бөлімді сыйлықтармен марапаттады.

2009 жылдың 8 – 10 желтоқсанында «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» қызметкерлердің арасында бильярд бойынша турнир өткізді. 16 ойыншы бірінші орын үшін осы сайыста бақ сынасты. Жарыстың қорытындылары бойынша жеңімпаздар үштігінде:

1-орында Талғат Үсенов

2-орында Нұрмұханбетов Бекболат

3-орында Андрей Былин мен Игіліков Ұлан тұр.

2009 жылғы 29 қарашада «Сентрас Иншуранс» «Кубок 2009» футбол жанкүйерлерінің Лига чемпионатына қатысты. Ойында команданың жеңіске деген құлшынысы мен жоғары кәсіби деңгейі көрінді.

2009 жылғы 2 маусымда «Сентрас» - «Сентрас Иншуранс» - «Сентрас Секьюритиз» топтары мен «Коммеск-Өмір» компанияларының арасында футбол додасы өтті. Барлық командалар асқан шеберліктерін, жеңіске деген талаптарын көрсетті. «Сентрас Иншуранс» командасы екінші орынды жеңіп алды.

2009 жылы 27 – 28 мамырда Алматыда «Сентрас Иншуранс» компаниясының қызметкерлері арасында бильярд бойынша турнир өтті. Оған әйелдер мен ерлер арасында жүзден астам адам қатысты. Компания қызметкерлерінің көпшілігі бильярды тамаша ойнайтын болып шықты. Сондықтан да бірінші орын үшін күрес тартысты болды. Ақырында жеңімпаздар тұғыры анықталды:

Ерлер арасында:

Мұхит Әмірбеков – 1-ші орынды және ауыспалы кубокты жеңіп алды.

Алтынбек оспанов – 2-орынды;

Дәулет Сақтағанов пен Талғат Үсенов- 3-орынды иеленді.

Әйелдер арасында:

Жанар Байсолтанова - 1-ші орынды және ауыспалы кубокты жеңіп алды.

Нұргүл Абдығалиева – 2-орынды;

Ольга Егорова – 3-орынды

Алина Иванова - 4 орынды иеленді.

2009 жылғы 18 марыдан бастап 22 мамырға дейінгі аралықта «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның бас кеңсесінде Аймақтық филиал директорларына раналған семинар өтті.

Семинар барысында Компанияны аймақтарда сату әдісін арттыру, сервистік қызмет көрсетуді жетілдіру тәсілдерін дамыту стратегиясы әзірленді. Бүгінгі таңда, «Сентрас Иншуранс» компаниясы жеке тұлғалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлуде, сонымен қатар аймақтардағы бизнесін өркендетуді жоспарлап отыр.

2009 жылғы 19 наурыз – тіршілік пен жанданудың символы болған, көктемнің шуақты күндерінің бірі - Наурыз мейрамының қарсаңында «Сентрас Иншуранс» Компаниясында жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.

Дәл осы күні ауа-райы бұзылып, қар жауғанына қарамастан, салтанатты кеш ыстық ықылас пен достастық қарым-қатынаста өтті. Қонақтарға арнап ұлттық ансамбль өнер көрсетіп, аулада қазақ үй орнатылды. Сондай-ақ, барлық қонақтар үшін нағыз шығыс дастарханы жайылып, палау, наурыз көже мен тәттілер молынан тартылды.

2008 жылғы 30 желтоқсанда «Сентрас Иншуранс» Компаниясы қызметкерлерінің арасында корпоративтік жаңа жыл кеші өтті. Мереке көңілді өтті. Әсем би биленіп, түрлі жарыстар ұйымдастырылып, көптеген сыйлықтар мен жүлделер берілді.

2008 жылғы 12 қыркүйекте «Сентрас Иншуранс» Компаниясы өзінің 11-ші туған күнін атап өтті. Бұл жыл - мерейтой жылы болмағандықтан, үлкен той-думан жасамай-ақ, «отбасы қасында», яғни өз ортасында ғана атап өтпек болды. «Metro» спорт ойын-сауық орталығынжа боулинг және бильярд бойынша екі турнир өткізілді. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.

  • Балаларды қорғау күніне орай «Сүйікті жыл мезгілдері» атты балалар салған суреттер конкурсы

2008 жылы 30 мамырда компания кеңсесінде (Сүйікті жыл мезгілдеріқ атты конкурс өтті. Оған компания қызметкерлерінің балалары қатысты.

  • Әлеуметтік жобаларға демеушілік көрсету.

2008 жылғы 19 мамырда Ұлттық баспасөз клубында «Мүмкіндіктері шектеулі жастарға арналған Шеберлер қаласы» атты жобаның ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті. «Сентрас Иншуранс» жобаның бастапқы кезеңін - 2008 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласындағы арбаттың бойында өтетін мүмкіндіктері шектеулі балалардың авторлық жұмыстарының көрмесін ресми сақтандырды.

  • ҚҚҚ кубогы үшін пейнтбол турниріне қатысу

«Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ ҚҚҚ кубогы үшін өтетін спорттық турнирлердің белсенді қатысушысы. Қазанның үшінші жұлдызында, сенбі күні компаниямызда шыққан команда Business Resource Central Asia ұйымдастырған ҚҚҚ кубогі үшін алғашқы пейнтбол турниріне қатысты. Сайысқа небары 5 адамнан тұратын 10 команда ғана қатысты. Олардың ішінде, Казкоммерц Инвест», ҚР Ұлттық Банкі мен Евразия банкі, «Бизнес & Власть» газеті және КТК телеканалы секілді басқарушы компаниялар болды.

  • Қызметкерлерге арналған ағылшын тілі курстары

Компания басшылығы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, оның ішінде ағылшын тілін меңгеруіне үлкен мән береді. Қазіргі кезде ұжымның үштен бір бөлігі ағылшын тілін үрену үшін әр түрлі деңгейдегі курстарға қатысады. Сабақ жұмыс уақытының арасында бас кеңсенің қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ыңғайлы мәслихат залында өткізіледі.

  • Тауға корпоративтік серуенге шығу.

Спорт шараларымен қатар, Компанияда қызметкерлердің өз отбасыларымен көке шығуларына да мүмкіндіктер жасалған.

  • Компания қызметкерлерінің арасында боулинг бойынша турнир.

Біздің Сақтандыру Компаниямызда боулингпен әуестенушілер баршылық. Соған орай, спорт пен демалудың осындай қызықты түрі бойынша Басқарма Төрағасы атынан берілетін жүлде үшін қызметкерлер арасында әрдайым жарыс өткізуді ұжым әдетке айналдырған.

  • ҚҚҚ кубогі.

2007 жылы Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы (ҚҚҚ) спорт шараларын ұйымдастырушы «Business Resource Central Asia» ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен ҚҚҚ кубогі үшін әр алуан спорт түрлеріне жарыстар өткізіп тұрады. «Сентрас Иншуранс» Турнирдің ең белсенді қатысушысы болып табылады.

Боулинг бойынша сайыста 9-шы орында,

Бильярд бойынша жарыс

Жағажай волейбол ойыны бойынша жарыста арнайы ІІІ орынды иеленген.

  • 1 маусым – Балаларды халықаралық қорғау күні.

2007 жылғы 1 маусымда Сақтандыру Компаниясы қызметкерлердің балаларына арнап «Ата- аналар жұмысқа барғанда немен айналысады» деген тақырыпта суреттер конкурсын өткізді. Бүлдіршіндердің салған суреттері сондай қызықты, көңілді әрі бейнелі болып шықты. Ал олар үшіншарлармен көмкерілген, жүлделер мен сый-сияпатқа толы бұл күн нағыз той-думанға айналды. Біз алдағы уақытта осы шараның жақсы дәстүрге айналатынына сенеміз.

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU