Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру

clip

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру

 

Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым жағдайдан сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30-ІІІ заңы негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру жағдайы –қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, оның кәсiптiк ауруға ұшырауына не қайтыс болуына  әкеп соққан өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануынан болған оқиға.

Сақтандыру сомасы – шартта айқындалады, бірақ шарт жасасу кезінде барлық қызметкерлердің жылдық еңбекақы төлеу қорынан кем болмауы тиіс.

Сақтандыру тарифтері Заңға сәйкес кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай (өдірістік, көмекші және әкімшілік-басқарушы)экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған.

 Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зақым келуіне байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспай жүзеге асырылады.

Қызметкердің қайтыс болуына немесе еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына байланысты жалақысынан (табысынан) айрылуынан болған зиян мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.

Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулы­ғының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде  белгiленедi:

1) 5 пайыздан 29 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 500 АЕК;

2) 30 пайыздан 59 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1000 АЕК;

3) 60 пайыздан 89 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 1500 АЕК;

4) 90 пайыздан 100 пайызға дейін, қоса алғанда кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген кезде – 2000АЕК.

 Сақтандырушы зардап шегуші қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеген адамға жерлеу шығыстарын 100 АЕК мөлшерінде өтейді.  

 

 

 

 

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU