Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Жүктерді сақтандыру

clip

Жүктерді сақтандыру

Құбырларды немесе Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) меншік құқығы не өзге де негіздер бойынша тиесілі басқа қатынас жолдарын қоса алғанда,  теміржол, автомобиль, әуе, теңіз, өзен көліктері немесе көліктің басқа түрлері арқылы тасымалданатын  жүктердің барлық түрлері сақтандырылады.

Сақтандыру шарты мынадай талаптардың біреуіне негізделіп жасалады:

1. барлық тәуекелдер үшін жауапты болу.

2. жеке апаттар үшін жауапты болу.

3. апатқа ұшырау жағдайларынан басқа зақымданулар үшін жауапты болмау

Алғашқы жағдайда, жүк иелеріне сақтандыру шартында арнайы келісілгеннен басқа, кез-келген себептерден туындайтын, жүктің немесе оның бөліктерінің зақымдалуынан немесе толық құруынан болған шығындар өтеледі. 

Шарттың «жеке апаттар үшін жауапты болу» талабы бойынша сақтандыру кезінде Сақтандырушы бұршақ, дауыл, зілзала апаттары, көлік құралдарының апатқа ұшырауы немесе соқтығысуы, жазатайым жағдайлар, көлік құралының жүкпен бірге із-түзсіз жоғалуы секілді әр түрлі апатты оқиғалар болған жағдайда ғана жүктің немесе оның бөліктерінің зақымдалуынан немесе толық құруынан туындаған шығындарды өтейді.

Шарттың «апатқа ұшырау жағдайларынан басқа зақымданулар үшін жауапты болмау» талабы бойынша сақтандыру кезінде жүктің зақымдалуынан болған шығындар өтелмейді, ал өтем тек жүк не оның бөліктері толық құрыған кезде ғана жасалады. Мәселен, егер теңіз саяхаты кезінде танкер тесіліп, одан мұнай ағып кетсе, онда төлем жасалады, ал егер жанармай сиымдылығына біраз су кіріп кетсе, онда төлем жасалмайды.

Осы барлық үш жағдайда да, Сақтандырушы шығынның орнын толтырудан басқа, сақтандырылған жүктің иелеріне жүктің аман қалған бөлігін құтқару шығыстарын өтейді.

Әдетте, сақтандыру қорғауы жүк тасымалданған барлық уақытта әрекетте болады. Оның әрекеті жөнелту мекеніндегі қоймадан жүктерді қабылдап алған кезден басталып,тасымалдау кезінде (артық салмақтың болуын, аударылуын, екі аралықта сақталуын қоса алғанда) жалғасады да, жүкті қабылдап алушының қоймасына немесе сақтандыру шартында көрсетілген белгіленген мекендегі соңғы қоймаға жеткізіп берген кезден бастап тоқтатылады.

Шарт жүктерді бір реттік тасымалдауды, сондай-ақ  ұзақ мерзім ішінде жүзеге асырылатын жүктерді тасымалдаудың барлығын сақтандыру үшін жасалады.  

Сақтандыру сомасы жүктің нақты бағасына сәкес белгіленеді.

Сақтандыру сомасына жүктің бағасынан бөлек жүкті тасымалдау (фрахт) мен сақтау шығыстарын да қосуға болады. Бұл кезде жүктің құнына 10% қосылады.

Жүктерді сақтандыру кезінде тарифтік мөлшерлемелер тасымалдау жағдайларына, сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне, жүктердің номенклатурасына, жолдың ұзындығына және объективтік тәуекеліне, артық салмақтың болуына, аударылу, екі аралықта сақталу жағдайларына байланысты болады.  

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU