Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Авто иелерінің (АҚЖ)

clip

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі №446-ІІ Заңы (бұдан әрі - Заң) негізінде жүзеге асырылады.

Станлартты шарт - стандартты шарт бойынша көлік құралының бір немесе бірнеше иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.

Кешенді шарт - кешенді шарт бойынша екі немесе одан да көп көлік құралы бірлігінің иесі болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылады.

Бір сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) Міндетті сақтандыру заңына сәйкес белгіленеді және мыналарды құрайды (АЕК-пен):

 1) Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

- Қайтыс болуына-1000.

- Мүгедектің:

I тобы белгіленуіне-800;

II тобы белгіленуіне-600;

 III тобы белгіленуіне-500;

 мүгедек балаға - 500;

 - мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемнің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 10 АЕК (айлық есептік көрсеткішті) құрауы тиіс;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

 3) екі не одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2 000-нан аспауға тиіс. Зиян көлемі Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

 Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көлік құралының түріне, тіркелген жеріне, пайдаланылу мерзіміне, сондай-ақ Сақтанушының (Сақтандырылушының) жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэфициенттерге базалық сақтандыру сыйлықақысын (1,9 АЕК) көбейту арқылы айқындалады және осының барлығы, соңғы 12 ай ішінде болған сақтандыру жағдайларының санына байланысты Бонус-Малус жүйесінің коэфициентіне көбейтіледі.

Заңды тұлғаларға Бонус-Малус коэфициенті қолданылмайды (2010 жылғы 20 ақпаннан бастап).

АҚЖМ сақтандыру шартын жасасу кезінде төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысыан 50% мөлшерінде жеңілдіктер берілетін тұлғалар санаты: 

Көлік құралдарының иелері - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар,

 І және ІІ топтағы мүгедектер,

Зейнеткерлер.

 Егер көлік құралын жоғарыда аталған адамдардан басқа иелері де пайдаланатын болса, онда Сақтандыру шарты жеңілдіктер берілмей-ақ жасалады.

 Сақтандыру шартын жасау үшін Өтініш-Сауалнамамен қоса берілетін ҚҰЖАТТАРДЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ: 

 1. жеке куәлік;

2. СТН немесе ЖСН;

 3. үй кітапшасы;

 4. жүргізуші куәлігі;

5. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (техникалық төлқұжаты) немесе Көлік құралын уақытша тіркеу туралы/тарнзиттік нөмірлер беру туралы куәлік;

6. отбасы жағдайын растайтын құжат (неке /ажырасу туралы куәлік, отбасы жағдайы туралы анықтама);

7. жеңілдікке құқығын растайтын құжат (бар болса).

Назар аударыңыз!

 2010 жылғы 20 ақпаннан бастап - сақтандыру полисін қайта ресімдеу (оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу)жүзеге асырылмайды. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу(сақтандырылушыны ауыстыру/қосу, көлік құралын ауыстыру/қосу және т.б.) қажеттілігі туындаған кезде, қолданыстағы полис бұзылады, орнына сақтандыру сыйлықақысының жылдық мөлшеріне дейін қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлей отырып 12 ай мерзімге жаңа полис жасалады.  

Тек Сентрас Иншуранста Алматы қаласына арналған "Жедел сақтандыру жәрдемі" қолданысқа енгізілген:

Сақтандыру жағдайы бойынша барлық қажетті құжаттар берілгеннен кейін 30 минут ішінде төлем жасалады.

Жол апатынан кейін көлік құралы тасымалдауға жарамсыз болған жағдайда, тегін эвакуатор қызметы ұсынылады.

Жол апатынан кейін көлік құралы тасымалдауға жарамсыз болған жағдайда, жүргізушісімен қоса автомобиль 24 сағатқа беріледі.

 Егер, Сіз үшін міндетті сақтандыру бойынша лимит жеткіліксіз болса, біз Сізбен жауапкершіліктің көлемді лимиттері көзделген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  (АҚЖ) ерікті сақтандыру шартын жасай аламыз.

 

 

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU