Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Жазатайым жағдай

clip

Жазатайым жағдайдан сақтандыру

Мынадай сыртқы факторлардың:

жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар  апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.    

Сақтандыру шартында:

  • жұмыс беруші ұсынған көлікпен үйден қызметтік міндеттерін орындайтын жұмыс орнына дейін баратын және кері қайтатын жолдағы уақытты қоса алғанда,  өндірістегі жазатайым жағдайдан сақтандыру;
  • өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым жағдайдан сақтандыру (тәулігіне 24 сағат);
  • тұрмыстағы жазатайым жағдайдан сақтандыру;
  • сапарда, демалыста болған кезде сақтандыру;
  • белгілі бір жұмысты орындау кезінде сақтандыру және басқалары көзделеді.

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

Сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемі:

1. Сақтандырылушының жазатайым жағдайдың нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінен уақытша айрылуы кезінде -  еңбекке қабілетсіз болған әр күні үшін сақтандыру сомасының 0,03 % мөлшерін, бірақ 90 (тоқсан) күннен аспайды;

2. Сақтандырылушыға мүгедектіктің:

  • I тобы белгіленген кезде – Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100%;
  • II тобы белгіленген кезде – Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 75%;
  • III тобы белгіленген кезде – Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 50%;

3. Сақтандырылушы қайтыс болған кезде - Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100% мөлшерін құрайды.

Сақтандыру тарифі қызметтің немесе кәсіптің түріне байланысты 0,2 %-дан 2,0%-ға дейінгі аралықта белгіленеді.

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU