Америке және Европа елдерінің сақтандырушылары сақтандырудың небір ғажайып түрлері кездесетін 3000-ға жуық сақтандыру өнімдерін сатады.
"Goodfellow Rebecca Ingrams Pearson" (GRIP) Лондон компаниясы төрт мыңға жуық діншіл қыздарға бейкүнә жүкті болудан сақтандыру полистерін сатқан. Бұл полис бойынша жыл сайынғы жарна 150 долларды құрайды. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда компания «жәбірленушіге» 1,5 млн. доллар төлеуге міндетті болады.
"Encore Entertainment Insurance Service" Америка агенттігі өз клиенттерін «моральдік құлазудан» сақтандырады. Америкада моральдің құны жоғары, қызметтің бұл түрін әсіресе, қандай болмасын «қиянаттан» зардап шегетін эстрада жұлдыздары мен саясаткерлер жиі пайдаланады. Ал, Lloyd's корпорациясы болса Ресей жерсерігінің Жерге құлауының салдарынан қайтыс болу тәуекелін қабылдаған.
"ВЕСтА" Ресей компаниясы бір жолы клиенттерінің басқа планеталықтардың келуінен өздерін сақтандыруын өтінгендіктерін еске түсіреді. Әрине, олар сақтандырудың мұндай түріне лицензия берілмейтіндігін дәлелдей отырып, Клиенттердің өтініштерін орындаудан бас тартқан. Дегенмен, шетелде сол GRIP компаниясы басқа планеталық келімсектердің ұрлап кетуінен сақтандыру полистерін сатады. Ал қатігез келімсектердің қолына түскісі келмейтіндер аз болмай шықты. Шамамен 20 мыңға жуық полис сатылды.
Ресейде сақтандырудың айрықша түрлері анағұрлым қарапайым болып келеді. "ВЕСтА" компаниясының мамандарының пікірінше, танымал орыс саяхатшысы Федор Конюховтың яхтамен жер шарын айналған және Париж варьетесінің Мәскеуге гастролге шыққан кезде жасалған сақтандыру шарттары сақтандырудың айрықша түріне жатады. (әрине, бұл басқа планеталықтар емес, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар)
Адам сақтандыру құралдарын пайдалана отырып, түрлі нәрселерді ойлап табады. "Ллойд" фирмасының мұрағатында соларға қатысты көптеген күлкілі оқиғалар сақталған.
Лондондағы бір кішігірім италия мейрамханасының иесі жарнамалау мақсатымен "Мадам Тюссо" мұражайына үстел басында стакан ұстап отырған өз мүсініне тапсырыс береді. Мүсіннің ұнағаны соншалық, ол оны Даниядағы көрмеге апармақ болады. Ол мүсінді тасымалдау және көрмеге қою кезеңінде 5 фунт сыйлықақы төлей отырып, 2500 фунтқа сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар қуыршағы үшін ұшаққа өзінің қасындағы орынға жеке билет сатып алады.Оның полисі бойынша өтем жасалған жоқ, оның есесіне неткен ғанибет десеңші.
Сақтандыру саласында Түрлі аттракциондар мен қойылымдар көрсету кезінде кенеттен болатын зардаптардан сақтандыру кеңінен таралған. "Ллойд" фирмасында алғашқы дыбыстан да жылдам автомобиль сақтандырылған. Полисте машинаны Невадаға тасымалдау және оның полигонда болуы кезінде барлық тәуекелдерін жабу, сондай-ақ жүргізушіні жазатайым жағдайдан сақтандыру қамтылған. Бір қызығы, сақтандыру тек қозғалтқышы қосылған машинаға ғана жарайды, сөйтіп сақтандырушы көліктің жылдамдығын арттырған күмәнді сынақтар үшін жауапкершіліктен босатылады.
Атақты цирк промоутелрелі ағайынды Ринлиндер өздерінің көрсетілімдерінде өнер көрсететін піл мен мүйізтұмсықты қайтыс болудан және ауырып, еңбекке қабілеттілігін жоғалтудан сақтандырған. Міне, бұл - отандық кәсіпкерлерімізге арналған өз қызметкерлеріне қамқорлық жасаудың үлгісі.
Ла-Маншты алуды сақтандыру бәлкім, ең қызықты оқиға болар. Бір әзілкеш алдын-ала 100 мың фунтқа сақтандырыла отырып, ваннамен бұғаздан жүзіп өтпек болды. "Ллойд" андеррайтері ваннаның су ағатын жерін тығынмен бекітіп қоюын талап ете отырып, бұл тәуекелді жайбарақат қабылдайды.
Танымал адамдардың көпшілігі сақтандырылғанды жақсы көреді. "Ллойд" сақтанушыларының тізімі «жұлдыздардан» көрінбей қалған. Онда Джин Келли, Мэй Вест, Элизабет Тейлор, Фрэнк Синатра, Эдвард Робинсон, Боб Хоуп, Бинг Кросби, Лоуренс Оливье және т. б. бар. «Стартрек» фильміне түсу кезінде шашын тақырлап алып тастауға мәжбүр болған Оңтүстік африка әншісі Керри Уэллис осыдан кейін шашының шықпай қалуынан сақтандырылған.
Сақтанушылар тізімінде сондай-ақ, рок-идолдар да бар. Эрик Клэптон, Фил Коллинз, Боб Дилан, Майкл Джексон, Билли Джоэл, Элтон Джон, Стиви Уандер, Род Стюарт, Dire Straits, Duran Duran, The Beatles, Erasure, The Eurythmics, Genesis, The Kinks, Led Zeppelin, The Police, Status Quo, The Rolling Stones, The Who т.б. секілді буржуазиялық және пуритандық моральді күйретушілер буржуазиялық құралдарды менсінбеген екен. Әнші Брюс Спрингстиннің өз дауысын 3,5 млн фунт стерлингке бағалаған сақтандыру оқиғасы тіркелген
Жалпы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Виски блендерлері мен иіс су сарапшылары өздерінің мұрындарын, азық-түлік сарапшылары өздерінің дәм сезгіштігін сақтандырады. Маркетинг өнімдеріне байланысты сақтандыру жағдайлары сақтандырудың ең ерекше түрлеріне жатады. Бұл түсінікті де, бұл жерде сақтандыру келеңсіздік салдарынан насырға шапқан маркетинг тәсілдерін қорғаудың рөлін атқарады.
Небрасканың бір автомобиль сатқышы желтоқсан айында өзінің автомобильін сатып алып, Рождество мерекесінде қарға көмкерілген күйінде көрсеткен адамға 10 мың доллар сыйға тартатынын айтып, жар салады. Әрине, ол «Ллойдта» бір жарым миллион теңгеге ықтимал шығындардан сақтандырылады. Компания да дәл осылай жасап, Лох-Несс көліндегі құбыжықты ұстаған адамға миллион фунт беретіндігін жариялайды.
Британдықтардың әр түрлі құмар ойындарына деген ынтығушылықтары соншалық, тіпті «Ллойд» компаниясы жұмыс берушіні ұлттық лотореядан ұтып алған екі және одан да көп қызметкерлері жұмыстан шыққан жағдайдан сақтандыру үшін арнайы сақтандыру полисін ойлап тапты. Осы полис бойынша сақтандырушы жұмыс берушінің рекрутинг агенттіктері көрсеткен қызметтеріне жұмсаған шығындарын жабады.
Сақтандырудың ерекше түрлері бизнеспен байланысты. Оның үстіне, олардың кейбір түрлері экзотикадан кәдімгі жағдайға айналып кетеді. Реттеу органдары күтпеген жерден кәсіпкерлердің компаниясын аудиторлық тексеріс үшін таңдап алған болса, тізімде, сол кәсіпкерлердің аудиторлық қызмет көрсету шығыстарын жабуға арналған сақтандырулар бар. Бастапқыда, банктерді трейдерлер мен брокерлердің алаяқтығынан сақтандыру сирек кездессе, «Бэрингс» пен «Сумитомо» дилерлерінің айлакерлік әрекеттерінен кейін қалыпты жағдайға айналды.
Швецияның Биссо компаниясы өз тұтынушыларына қызметтің ең жаңа түрін ұсынды. Енді жүргізушілер автомобильді дағдылы сақтандырумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Олар небары 850 кронға (112 доллар) көлік қозғалысының жылдамдығын арттырғаны үшін, егер жылдамдық сағатына 30 км-ден аспаса, айыппұл төлеуден сақтандыру алады. Сондай-ақ, жүргізуші қосымша ақыға көлікті дұрыс қоймағаны үшін айыппұл төлеуден де сақтандырыла алады. Өкінішке орай сақтандыру тек айыппұлды ғана жабады. Сондықтан, жылдамдықты ұнататын жүргізушілер бәрібір жүргізу куәлігінен айырылып қалуы мүмкін. |