Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Сақтандыру жағдайы

clip

cақтанушының сақтандыру жағдайы туындаған кездегі іс-әрекеті

Егер Сіздің мүлігіңіз сақтандырылған болса:

1. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде:

  • Сабыр сақтаңыз!
  • Болған оқиға жөнінде мынадай тиісті органдарға, атап айтқанда:
    • өрт болған кезде 101-ге;
    • үшінші тұлғалар ұрлық, сондай-ақ заңға қайшы басқа да әрекеттер жасаған кезде 102-ге;
    • су жүргізетін құбырлар, жылыту, канализация желілері авария болған кезде тиісті авариялық қызмет орындарына;
    • егер пәтеріңіз сақтандырылған болса ЖТК-не дереу хабарлаңыз.
  • Залалды азайту үшін қолдан келгенше сақтандырылған мүлікті құтқарудың барлық амалдарын жасаңыз.
  • Сақтандырушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде болған оқиға туралы жазбаша хабарлаңыз.
  • Сақтандырушының өкілін бүлінген мүлікті қарау және шығынның себептері мен мөлшерін тексеру мүмкіндігімен қамтамасыз етіңіз.

Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы келісілген мерзімде хабарламау, оған сақтандыру төлемінен бас тартуға құқық береді.

2. Сақтандыру төлемін алу үшін Сақтандырушыға ұсынылатын құжаттар:

  • Сақтандыру төлемі туралы өтініш.
  • Сақтандыру шартыақтандыру полисі)
  • Жеке басының куәлігі (жеке тұлға үшін)
  • Сақтандыру төлемін алуға сенімхат (қажет болғанда)
  • Сақтандыру жағдайының туындау фактісін және залалдың мөлшерін растайтын құжаттар:
    • өрт болған жағдайда – өрттің шығу себебі мен болған жері белгіленген өрт туралы актінің көшірмесі;
    • табиғи аппатар болған жағдайда – гидрометерологиялық қызмет органдарының анықтамасы мен қорытындысы, мерзімдік басылымдардың сәйкесті қиындылары(егер олар бар болса);
    • су құбырлары, жылыту мен канализация желісі апатқа ұшыраған жағдайда – болған оқиғаның және залалдың себебі мен сипатын айқындауға мүмкіндік туғызатын арнайы бақылау және қадағалау органдарының (ЖТК, авария және өзге де қызметтер) тексеру актісі.
    • Үшінші тұлғалар ұрлық және өзге де заңға қайшы әрекеттер жасаған жағдайда – болған оқиға туралы сіздің өтінішіңіз жөнінде полиция берген анықтама және қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы;
    • қажет болғанда және Сақтандырушының келісімі бойынша – тәуелсіз техника мамандарының қатысуымен жасалған техникалық сараптау актісі;

Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындауына және Сізге зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығымен қамтамасыз ету үшін бар күшіңізді салуыңызды өтінеміз!

Автомобильді немесе автомобиль көлігі иесінің жауапкершілігін сақтандыру кезінде

1. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде:

  • Сабыр сақтаңыз!
  • 102-ге телефон соғу арқылы жол полициясына көлік оқиғасы мен зардап шегушілер туралы дереу хабарлаңыз және олар келгенше оқиға болған жерде қалыңыз. Құжаттарды ресімдеу кезінде ондағы мәліметтердің толық болуын жіті қадағалаңыз.
  • Егер ЖКО кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілсе, міндетті түрде 103-ке телефон соғыңыз;
  • Егер көлік құралы өртене бастаса 101-ге телефон шалыңыз.
  • Жол полициясы қарағанға дейін көлік құралын жылжытпаңыз.
  • Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы туралы қолдан келетін кез-келген тәсілмен (ауызша, жазбаша) дереу хабарлаңыз. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс.
  • Сақтандырушы қарағанға дейін сақтандыру жағдайының нәтижесінде зақымдалған көлік құралын (бүлінген мүлікті) сол күйінде қалдырыңыз.
  • Ықтимал шығынды азайту үшін қолдан келетін барлық шараларды қолданыңыз.
  • Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз ақшалай төлемдер мен өтініштер жасамаңыз.

Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы келісілген мерзімде хабарламау, оған сақтандыру төлемінен бас тартуға құқық береді.

2. Cақтандыру төлемін алу үшін Сақтандырушыға ұсынылатын құжаттар:

  • Сақтандыру төлемі туралы өтініш.
  • Сақтандыру шарты (сақтандыру полисі).
  • Сақтанушының (Сақтандырылушының) немесе көлік құралын жүргізуші адамның жүргізуші куәлігінің көшірмесі және оның осы көлік құралын жүргізуге құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
  • Сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжат.
  • жәбiрленушiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiнiң мерзiмi туралы денсаулық сақтау ұйымдары берген анықтамасының немесе мүгедектiк белгiленген жағдайда мамандандырылған мекемелердiң жәбiрленушiге мүгедектiк белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
  • Жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі және жәбірленуші қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат (көшірмесі);
  • Қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы.
  • Пайда алушының жеке басы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы;
  • сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының (Сақтандырылушының) шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын растайтын құжаттар (олар болған кезде);
  • Тәуелсіз сарапшы жасаған келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі құжаттар; (олар болған кезде);
  • Сақтандыру төлемін алуға берілетін сенімхат (қажет болған кезде).

Көлік құралын айдап кеткен кезде, қосымша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • Көлік құралының тіркеу құжаттары (көлік құралын тіркеу туралы куәлік (техникалық төлқұжаты), көлік құралын басқару және есептен шығару құқығына берілген сенімхаттар, жүргізуші куәлігі.
  • Осы көлік құралына тиесілі кілттер топтамасы.
  • Көлік құралы табылған жағдайда, Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеу арқылы шеккен шығыстарын оған алған соманы қайтару немесе алынған соманы Сақтандырушының есепшотына аударуды тапсыра отырып, көлік құралын нарықтық бағасы бойынша өткізу үшін қажетті құжаттармен қоса көлік құралын беру арқылы өтейтін Сақтанушының міндеттеме хаты.
  • Көлік құралы өртенген кезде өртке қарсы қызмет орындарынан өртену себептері мен қабылданған шешім (тергеу материалдарын құқық қорғау органдарына жіберген жағдайда) көрсетілген қосымша құжаттарды ұсыну қажет.

Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындауына және Сізге зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығымен қамтамасыз ету үшін бар күшіңізді салуыңызды өтінеміз!

Сақтандыру жағдайларын реттеу мәселелері ЖӨНІНДЕ қажетті кеңес алу үшін хабарласыңыз:

Кезекші апат комиссары + 7 701 754 04 30,

Шығындарды реттеу департаментінің директоры

Иван Михайлов +7 701 733 86 75

Апат комиссарлары

Андрей Былин +7 701 765 46 75

Ерлан Қали +7 701 783 03 97

Александр Боярчук +7 701 786 09 01

Алмас Қарабаев +7 701 786 44 78

Алматы қ. Апат коммисариаты

Алматы қ., Шевченко к., 157 «В»
Тел. 8 (727) 259 77 55
Факс 8 (727) 259 77 66


Call Center +7 (727) 2 600 602

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның Алматы қаласындағы кеңсесі:

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Шевченко к.,157 «В».

Телефон: +7 (727) 259 77 55

Факс: +7 (727) 259 77 66
 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU