Бүгінгі таңда компаниямызда мынадай бос жұмыс орындары бар:
КОРПОРАТИВТІК САҚТАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ МАМАН, БАС МАМАН, САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР, КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР
Үміткерлерге қойылатын талаптар: сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, белсенді сату өтілі, клиенттер базасының болуы (заңды тұлғалар). ДК пайдалана білетін, сырт кейіпі жарасымды, сабырлы, оптимистік мінез-құлық. Клиенттермен және серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орната білу, тұсаукесерлер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізе білу. Ынталандыру: белгілі жалақы, бонустық жүйе, сыйлықақы.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ
Үміткерлерге қойылатын талаптар: ағылшын тілін өте жақсы меңгеру, жоғары кәсіби (экономикалық, инженерлік-экономикалық, заң) білімі мен сақтандыру компанияларында халықаралық бизнес басқармасының маманы лауазымында кемінде 2 жылдық өтілі
CALL - ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ
Үміткерлерге қойылатын талаптар: сауатты сөйлей білу, MS Office жақсы меңгеру, жоғары коммуникативтік дағдылар. Сапалы жұмысы үшін ынталандыру және қызмет бабы бойынша өсіру, Міндетті түрде сабырлы болу. Әр түрлі тұтынушылармен тіл қатысатын болғандықтан, қандай жағдайға кезіксе бе барлық клиенттерге түсіністікпен қарап, құрмет білдіру.
Жұмысқа орналасу жөніндегі барлық сауалдарыңызбен 323 64 86, 323 64 87 телефон нөмірлеріне Қызметкерлермен жұмыс істеу департаментіне қоңырау шалыңыз.
Түйіндемеңізді ABakhtigareeva@centras.kz адресіне іздеген лауазымыңызды көрсете отырып, жіберуіңізді өтінеміз.
Өз тарапымыздан Сіздің қызмет бабымен өсуіңізге және лайықты жалақымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ат салысамыз.
|