«ДОМашний ОЧАГ» бағдарламасы
Ағылшындар: Менің үйім – менің қамалым деп айтады. Алайда, сенімді қорғаушыларсыз, ең берік қамалдың өзі әлсіз болады. «Сентрас Иншуранс» Компаниясы Сіздің мүлкіңізді кез-келген қауіп-қатерден барынша қорғаумен қамтамасыз ететін, мүлікті сақтандыру бағдарламасын Сіздің назарыңызға ұсынады.
«ДОМашний ОЧАГ» - арзан бағадағы тәуекелдердің оңтайлы пакеті. Жылжымайтын мүлікті кең өріс алған қауіп-қатерден сенімді қорғау. Сақтандыруға есік-терезелерді қоса алғанда, ішкі өңдеу, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапккершілк қабылданады.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ:
Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады:
«А бөлімі»
Мынадай оқиғалардың:
1) өрт, тұрмыстық мақсатта пайдаланылған газдың жарылуы;
2) су жүргізетін, канализация, жылыту немесе өртке қарсы жүйелерінің авария болуы, көрші үй-жайлардан судың жайылуы салдарынан сақтандырылған мүліктің жойылуы не зақымдалуы
«Б бөлімі»
Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру шартында көрсетілген жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын жүзеге асыру кезінде болған мынадай оқиғалардың:
1) өрт, тұрмыстық мақсатта пайдаланылған газдың жарылуы;
2) су жүргізетін, канализация, жылыту немесе өртке қарсы жүйелерінің авария болуының нәтижесінде жәбірленуші деп танылған үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіргені үшін Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісі.
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ:
1.Сақтандыруға үй-жай тексерілместен, көлемі 150 м2 дейінгі жылжымайтын мүлік (тұрғын үйлер мен пәтерлер) қабылданады.
2. Сақтандыруға көнерген, қамыстан жасалған каркасты үйлер және үй тұрғындарының уақытша пайдалануындағы үйлер мен пәтерлер қабылданбайды.
3. Сақтанушының ТЕК «А бөлімі» немесе «А бөлімі» және «Б бөлімі» бойынша сақтандыруға құқығы бар, ал, ТЕК «Б бөлімі» бойынша сақтандыруға құқығы жоқ.
Сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысы жылжымайтын мүліктің жалпы көлеміне және сақтандыру аумағына байланысты болады.
Шарттың қолданылу мерзімі – 12 ай.
Сақтандыру төлемі Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдағаан кезден бастап 10 (он) банк күні ішінде, нақты залал мөлшерінде, бірақ Сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан асырмай теңгемен жүзеге асырылады.
[ ЕСЕПТЕУ+МЕНЕДЖЕРГЕ ӨТІНІМ БЕРУ ] |