«МОЯ Квартира» - пәтер иелеріне арналған әмбебап бағдарлама. Есік-терезелерді қоса алғанда ішкі өңдеу, сондай-ақ инженерлік жабдықтар, оның ішінде жылыту мен сантехника сақтандыруға жатады. Сақтанушы өзін қорғаумен қамтамасыз еткісі келген тәуекелдерді өзі белгілейді. Сақтандыруда қатты жер сілкінісі кезіндегі залалды жабу қамтылған.
САҚТАНДЫРУДЫҢ МӘНІ:
Сақтандыруға: (тексерусіз):
1) панелді, кірпіштен салынған, және монолиттік үйлердегі жылжымайтын мүлік (Пәтерлер);
2) пәтердің қабырғаларын (өрнектерін, сымдарды, розеткаларды, шамжаққыштарды қоса алғанда) едендерін, төбелерін, есіктерін (балконды қоса алғанда) терезелерін (балконды қоса алғанда) ішкі өңдеу;
3) жылыту мен сантехниканы қоса алғанда инженерлік (техникалық) жабдықтар қабылданады.
Сақтандыруға:
- қамыстан жасалған каркасты және ағаш үйлердегі пәтерлер;
- жалпы пайдалану мерзімі 40 жылдан асқан пәтерлер қабылданбайды.
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ:
Сақтандыру сомасы мынадай жағдайлардың:
- өрт, жарылыс, жай түсу, электр желісінің авария болуы;
- су жүргізетін, канализация, жылыту немесе өртке қарсы жүйелерінің авария болуы, көрші үй-жайлардан судың жайылуы;
- үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (вандализм, бұзақылық, мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру);
- боран, дүлей дауыл, құйын, бұршақ, сел жүру, таудың опырылып құлауы, көшкін, тасқын, су басу
- мүлікті көлік құралының басып кетуі, ұшқыш аппараттардың не олардың сынықтарының және ондағы заттардың сақтандырылған мүлікке құлауы, сондай-ақ кез-келген сыртқы соққы әсерлер;
- жер сілкінісінің (сақтандырылған жерде 5 және одан да жоғары баллдық қарқын болғанда Рихтер шкаласы бойынша) туындауы салдарынан сақтандырылған мүлік жойылған немесе зақымдалған жағдайда төленеді.
Сақтанушы өз бетінше тәуекелдердің толық жиынтығын не тек өзіне қажеттісін таңдап алуға құқылы. Бұл ретте, «өрт, жарылыс, жай түсу, электр желісінің авария болуы» міндетті болып табылады.
САҚТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫ:
Сақтандыру сомасы Сақтандыру шартын жасасу кезінде жалпы көлемі 1 шаршы м. нарықтық құнын негізге ала отырып, пәтердің нақты (нарықтық) құны мөлшерінде белгіленеді.
Жылжымайтын мүлікке қатысты сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ Сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспай жүзеге асырылады.
Инженерлік (техникалық) жабдықтарды, жылыту мен сантехниканы қоса алғанда, үй-жайларды өңдеуге қатысты сақтандыру төлемі шарттың талаптары бойынша есептеледі және жалпы сомасы жылжымайтын мүлікке белгіленген сақтандыру сомасының 10%-нан аспайды.
Сақтандыру төлемі Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдағаан кезден бастап 10 (он) банк күні ішінде теңгемен жасалады.
[ ЕСЕПТЕУ+МЕНЕДЖЕРГЕ ӨТІНІМ БЕРУ ] |