Задать вопрос в Школу Страхования

Знак качества - Бузепречно

Филиалдар


spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
spacer
 
Clip

Акционерлер

clip

Компанияның акционерлері: 1 заңды тұлға - «Сентрас Капитал» ЖШС және 1 жеке тұлға - Үсенов Талғат Қалдыбайұлы.

 «Сентрас Капитал» ЖШС 90%-нан артық Қоғамның дауыс берілетін акцияларына иелік етеді.

 «Сентрас Капитал» ЖШС 2004 жылы сәуір айында құрылған, бүгінгі таңда Қазақстан және Ресей елінің қаржы нарығында қызмет ететін компаниялар тобын біріктірген. Компания қызметінің негізгі бағыттарына қаржы саласында, бағалы қағаздар нарығы мен салықтық қатынастарда консалтинг қызметтерін көрсету жатады.

2007 жылдың наурыз айында «Сентрас Капитал» ЖШС Еуропалық Тікелей Инвестициялар және Венчурлік Капитал Қауымдастығының (EVCA) мүшелігіне ресми қабылданған қазақстандағы алғашқы компания болды.

Қоғам акционерлері мынадай құқықтарға:

1) өздеріне тиесілі акцияларды иелену, пайдалану және басқару құқығына;

2) Компанияға оның қызметі туралы жазбаша сұраныстар жіберу және компанияның жарғысында белгіленген мерзімдерже дәлелді жауаптар алу құқығына;

3) Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру құқығына;

4) Басқару органдарын таңдауда қатысу құқығына;

5) Компания кірісінің үлесін (дивидендтерді) алу құқығына ие.

 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ өз қызметінде Қоғам қызметінің негізгі шешімдерін қабылдау кезінде акционерлердің нәтижелі қатысуы,  акционерлердің мүдделерін қозғайтын Компанияның қызметі туралы ақпаратты акционерлердің мәліметіне жеткізу арқылы, қаржы нарығын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін  баспасөз беттерінде, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның ресми сайтында ақпараттарды жариялау арқылы өз акционерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын барынша қамтамасыз етеді. Компания акционерге қаржылық-шаруашылық қызметі мен оның нәтижелері туралы дұрыс ақпарат берілуін қамтамсыз етеді.  

Акционерлер, Директорлар кеңесінің мүшелері мен Компанияның атқарушы органдарының бір-біріне сенім артуы, өзара құрмет көрсетуі, есеп беру мен бақылау жасауы арқылы өзара қарым-қатынас жасайды.

 Акционерлердің мүдделерін барынша орындау принципіне сүйене отырып, Қоғамның Директорлар Кеңесінің қызметі құрылды.

«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның Директорлар кеңесі Қазақстан  Республикасының заңдарында және «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның Жарғысында Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құдіретіне жатқызылған мәселелерді шешуден басқа, Сақтандыру компаниясының қызметін жалпылама басқаруды жүзеге асыратын Компанияның алқалық органы болып табылады.

 Директорлар кеңесінің мүшелері:

Үсенов Талғат Қалдыбайұлы - «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен осы қызметке тағайындалды. 

Тұрысбеков Бейбіт Әбдіманапұлы - «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасының  Төрағасы 2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен осы қызметке тағайындалды. 

Ежиков-Бабаханов Евгений Георгиевич - «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2005 жылғы 15 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен осы қызметке тағайындалды. 

Джаукенов Марат Амангелдіұлы - «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. 2005 жылғы 24 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен осы қызметке тағайындалды. 

Жаналинов Арман Сәбитұлы - «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. 2010 жылғы 24 мамырда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен осы қызметке тағайындалды.   

 
spacer

МРП Аудит 2008 Заявление Online Полис Онлайн

© 2004 - 2012, 2004 - 2010, «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ
Шевченко к.,157"В",Алматы қ., 050008, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 2 600 602; Факс: +7 (727) 2 59 77 66
Design by ImagineWebSolutions
Страховой каталог
INS.ORG.RU