«НС GRAND» бағдарламасы – жеке-дара тұтынушыларға арналған барлық тәуекелдерден сақтандыру бағдарламасы. Бұл – әлем жұлдыздарының, ірі бизнесмендер мен саясаткерлердің таңдауы. Сақтандыру сомасы 1 миллион долларға дейін. Медициналық шығыстарды өтеу. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде өтемақы төлеу. Дүние жүзі бойынша сақтандыру қорғауы.
|
Сақтандыру жағдайлары |
Жазатайым жағдайдың салдарынан мынадай оқиғалардың туындауы: Сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термикалық әсер етудің нәтижесінде денсаулығының бұзылуына, жарақаттануына немесе қайтыс болуына апарып соққан, адамның ырқына қарамастан кенеттен туындайтын қысқа мерзімді оқиға жазатайым жағдай (оқиға) деп саналады
Жазатайым жағдайдың салдарынан мынадай оқиғалардың туындауы:
1) қайтыс болу;
2) мүгедектік (I, II, III топтары);
3) медициналық шығыстар;
4) ауруханаға жатқызу шығыстары;
5) эвакуациялау / репатриациялау. |
|
«НС GRAND» бағдарламасын пайдалана алатын тұлғалар: |
Табысы жоғары жеке тұлғалар. Жұбайы/күйеуі және олардың балалары бірге сақтандырыла алады.
Заңды тұлға
Жасы шегі – 70 жасқа дейін |
|
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ |
1. «Индивидуальный» пакеті
1 000 000 USD дейін
2. «Семейный» пакеті
Жұбайы/күйеуі сақтандырылған кезде – сақтандыру сомасынан 20%
Балалары сақтандырылған кезде - әр балаға сақтандыру сомасынан 2% |
|
Сақтандыру төлемдері |
· Сақтандырылушы қайтыс болғанда – 100 %
· Мүгедектіктің:
· І-тобы белгіленген кезде – 100%
· ІІ-тобы белгіленген кезде – 70 %
· ІІІ-тобы белгіленген кезде – 30 %
Ауруханаға жатқызу шығыстары нақты шеккен шығыстар мөлшерінде төленеді, бірақ сақтандыру сомасының 2%-нан аспайды.
Медициналық шығыстар нақты шеккен шығыстар мөлшерінде төленеді, бірақ сақтандыру сомасының 0,5%-нан аспайды.
Эвакуациялау/репратациялау шығыстары - нақты шеккен шығыстар мөлшерінде төленеді, бірақ әрбір сақтандырылушы үшін 10 000 АҚШ долл. аспайды. |
|
Сақтандыру мерзімі |
12 ай |
|
Сақтандыру аумағы |
Дүние жүзі, тәулігіне 24 сағат |
|
Франшиза |
Қолданылмайды |
|
Сақтандыру сыйлықақысы |
Әрбір сақтандырылушы бойынша жекеше қайта сақтандырушымен келісіледі. |
|
Ерекше жағдайлар |
Сақтанушы сұрау-сауалнаманы толтыруға және сақтандыру талаптарын қайта сақтандырушымен келісуге міндетті.
Ескерту: спорттың төтенше түрлері, аңшылық, альпинизм, салт атпен жүріс және т.б. | |